Научная библиотека ТарГПИ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ БІЛІМІНІҢ ҰЛТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ

Бұл Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру тұғырнамасы. Мұнда бакалавриаттың негізгі пәндері бойынша онлайн-курстар жиналды. Барлық курстар тегін, сізге тек тіркелу қажет. Курсты аяқтағаннан кейін сертификат аласыз. Ұлттық тұғырнама Консорциумға қатысатын 12 университетті және 13 серіктес университеттерді қамтиды. Платформаға 3500 студент тіркелді, жетекші оқу орындарының 50 оқытушысы дәріс оқиды. Физикалық есептер бойынша, математикалық талдау, кәріс тілінен, экология, тіпті нан өндіру технологиясы бойынша да курстар бар! Сілтеме
 

Ашық білім беру

Ресейдің жетекші ЖОО курстары

Әр адам үшін шектеусіз, әр түрлі бағытта 419-курстар…Сілтеме

 

Әлемді тани отыра, өзіңді таны!

«Білімді бағындырған – әлемді бағындырады!» - осындай тақырыпта 10 қыркүйекте 2 оқу ғимаратындағы акт залында Ұстаз университеті ғылыми-ақпараттық кітапханасының ұйымдастыруымен виртуалды экскурсия өтті. Ұйымдастырылған іс-шараға «Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің» I курс студенттері қатысты.

Экскурсия мақсаты алғашқы курс студенттерін ТарМПУ Ғылыми-ақпараттық кітапханасында оқырмандарға ақпараттық электронды қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхананы пайдалану Ережесі мен кітапханаға жазылу тәртібі, түнгі абонемент қызметін пайдалану жолдарымен таныстыру. Сонымен қатар, кітапхана қорын  жаңа әдебиеттер және мерзімді басылымдармен толықтыру жолдары мен тәртібі, Электронды кітапхананы пайдалану, кітапхана Web-порталы, Ақпараттық ресурстарды тарату және ұсыну қызметі өзіндік, отандық, ресейлік электронды кітапханалар мен Әлемдік Web of Science, SpringerLink, Elsevier (ScienceDirect, Scopus) толық мәтінді дерекккөздерімен жұмыс істеу тәсілдері де негізгі әңгіме өзегіне айналды.


 
More Articles...
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін243
mod_vvisit_counterКеше835
mod_vvisit_counterОсы аптада2287
mod_vvisit_counterӨткен аптада7681
mod_vvisit_counterОсы айда12261
mod_vvisit_counterӨткен айда0
mod_vvisit_counterБүкіл1285191

Казир сайтта: 7
Сіздің адрес 35.171.146.16
,
Күні: 2019-09-18